» » Қайрат Нұртас өзін жақтырмайтын жандарды дос болуға шақырды

Қайрат Нұртас өзін жақтырмайтын жандарды дос болуға шақырды

  Қайрат Нұртас өзіне теріс пікір білдіретін адамдарға су шашып жібергісі келетінін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Жаман пікір жазатындарға кейде осылай су шашып жібергім келеді десең. Әсіресе мен туралы "масқара, сұмдық" деп бастайтындар. Дос болып өмір сүрейік", - деп жазды Қайрат Нұртас.
Алайда хитменнің Instagram-дағы бұл жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсіп, оқырмандар әншіге қолдау білдірген.
"Ондайларға мән берме", "Қайрат сенің жеткен жетістігіңе шын жүрегімізбен қуанамыз. Ол сенің бағың ғой", "Теріс пікір білдіретіндер көбейіп кетті ғой қазір", "Негатив жазатын адамдарға көңіл аудармаңыз".
"Қатты қапалысың ғой. Халықтың аузын жаба алмайсың. Сабыр сақта", "Сол масқара, сұмдық деген бізді де шаршатты. Соның не керегі бар екен?", "Ешкімді тыңдама" деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, әнші осыған дейін жылдам танымал болғысы келетін жас әншілерге өз ақылын айтқан болатын.
31 мамыр 2019 ж. 799 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930