» » Ақшаны таптап билеген Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан сынға қалды

Ақшаны таптап билеген Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан сынға қалды

  Желіде Ерке Есмахан мен Қайрат Нұртастың ламбада билеген видеосы тарап кетті. Алайда туған күн кешінде көңіл көтерген әншілердің бұл қылығы көптің көңілінен шыға қоймаған секілді. Әсіресе желідегілер 30 жасқа толған хитмен әншімен жұлқына билеген Еркені сынап тастады деп жазадыKAZ.NUR.KZ.
Аталмыш бейнежазбада Ерке Есмаханның көйлегін сілкіп тұрып, билеп жүргені көрініс тапты. Әнші Қайрат Нұртастың қуанышында онымен жарыса билеген.
Шоу-бизнес жұлдызының бұл қылығы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыланып, теріс пікірлерге ие болды.
Оқырмандар Ерке Есмаханның отбасылы адаммен майыса билегенін құптамай, бұған қатысты өз ойын ашық айтқан.
"Екеуі де мақтаншақ, шошақайлар" , "Осы Есмахан да жатпайды екен" , "Жұлдыз абайлашы, күйеуіңді тартып алмасын" , "Не жүріс мынау, шошаңдап. Тұрмысқа шығу керек бұл қызға, әр еркекпен билей бермей" , "Көрінгенге жабыса кетеді" , - деп жазуда көпшілік.
Оған қоса, желідегілер әншілердің уыстап шашылған ақшаның үстінде билеп жүргенін аңғарып, тағы ашуға булықты.
"Аяқтарының астында ақша ма жатқан? Не деген көргенсіздік", "Халықтың ашуын көтересіңдер өздерің", "Жүрген мақтаншақтар, одан да мұқтаждарға көмектессеңдерші" , - деді олар.
27 ақпан 2019 ж. 2 081 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031