» » Орамалдың орнын "қағаз" баса алмайды

Орамалдың орнын "қағаз" баса алмайды

  Әлеуметтік желіде орамалдың орнына салфетка жапқан қыздардың әрекеті қызу талқылануда. Рамазан айы екені белгілі. Қазіргі таңда екі үйдің бірі ауыз ашар жасайды. Сол сәтте Құран оқылады. Бүгінде әйел адамдар орамалдың орнына салфетка немесе майлық жауып алатынды шығарған. Бұл таңсық та емес. Себебі мұндай жағдайды жиі кездестіреміз.
Шай үстінде ағамның "Құран оқығанда салфетка жауып алған суретті көрдіңдер ма?" деп сұрағаны бар. "Иә, көрдік" деп жауап бергенде, "адамның бәрі өзгерді. "Жүре-жүре көре бересің" деген де осы шығар, бұлай болмайды ғой. Тіпті келіндерде орамал тақпайтын болған" деп ренжігенін естідім. Бақсам, бұл жағдай бір-екі жерде ғана орын алмайды, тіпті күнде қайталанады. Осыдан кейін "адамның діни түсінігі соншалықты төмендеп кеткен бе?" деген ойда қаласың...
  Жақында Қосшыңырау ауылдық округінің мешітінде ауыз ашар берілді. Сол кезде ауыл молдасы көп уағыз айтты. Ораза ұстағанда қандай қателіктерді жібермеу керегіне тоқталды. Содан кейін тұрғындар сауалына жауап берді. Осы орайда "орамалдың орнына қағаз жабу қаншалықты дұрыс?" деген сұрақ қойылған еді. Ол кісі әлбетте дұрыс емес екенін жеткізді. Айтуынша, әр қыз Құран оқылғанда орамал тағып отыруға міндетті.
   – Құран оқылған сәтте қыз келіншектердің қипақтап орамал іздейтіні бар. Асығыстық танытып қолына не түседі соны жабыстыра салады. Жалпы, әр қыз бала орамал тағып жүруге міндетті. Құран оқылатын жерге келетінін білсе, өзімен алып жүруге тиіс. Біз осыған немқұрайлы қараймыз. Қайтыс болған жерге, мешітке орамалсыз, қысқа юбка немесе шалбармен келетін қарындастарымыз бар. Оларға дәл ол кезде ненің дұрыс ненің бұрыс екенін айта да алмаймыз. Қыздардың қарапайым нәрсені білмеуі өкінішті. "Ата-анасы қандай тәрбие берген?" деп те ашуланасың. Айтпағым, орамалдың орнын қағаз шүберек баса алмайды. Ол орынсыз, қисынға келмейді. Басқа кезде тақпай-ақ қойсын. Оны талап етіп жүрген адам да жоқ. Тек Құран оқылғанда орамал ұстап келсін, – дейді ауыл иманы Мұстафа.
Бұрынғы кезде аналардың басынан жаулық түспегені белгілі. Қайда барса да орамал тағып алатын. Қазіргі таңда шыны керек келін мен қызды ажырату қиын. Шалбарланып, бетіне бояу жағып, үйінен сәнденіп шыққанда, өзің таң қаласың. Мақұл делік, әркім өз өміріне жауапты. Өзіне не ұнайды, соны істейді. Дегенмен тым болмағанда құдайыға барғанда өзімен орамал апарып жүруі керек қой.
Әлеуметтік желідегі суретке назар аударып қарасаңыз, бір емес бірнеше кісінің салфетка жауып алғаны анық байқалады. Бастысы Құран оқылғанда жалаңбас отырмасақ болғаны деп түсінеді. Осындайда "қазақ болудан қалып барамыз ба?" деп қынжыласың.
Мөлдір САБЫРЖАН
01 маусым 2019 ж. 1 199 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031