» » Қандай жағдайда оразаның сауабы болмайды?

Қандай жағдайда оразаның сауабы болмайды?

  Еліміздің бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз оразаны арықтау мақсатында емес, Алланың разылығы үшін ұстау қажет деп түсіндірді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен кездесуде бас мүфти оразаның шарттары туралы нақтылап берді.
"Денсаулыққа пайдалы екен. Бір ай ораза ұстасам, ішім тазарып, жақсы болып қалады" деген оймен ораза ұстауға болмайды. Ондай адамға сауап жоқ. Бәлкім адамның ағзасына белгілі бір деңгейде оразаның пайдасы тиетін шығар. Бірақ ол Аллаға құлшылық жасап жатқан жоқ. Онда адам тек жеке басының мәселесін ойлап тұр", - деді Серікбай қажы Ораз .
Бас мүфтидің сөзінше, қасиетті Рамазан айында әрбір мұсылман Алланың разылығы үшін ауыз бекітуі тиіс.
"Рамазан айында мұсылман таза ниет, кіршіксіз пейілмен құлшылық еткенде ғана адамның азғасына оразаның пайдасы тиеді. Адам рухани байиды", - дейді Бас мүфти.
Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы биыл Рамазан 30 күнге созылатынын, осы уақыт аралығында азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.
Еске сала кетейік, биыл қасиетті Рамазан айы 6 мамырдан басталады. Ал Айт мерекесі 5 маусымға, қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға қараған түнге сәйкес келіп отыр.
Пітір садақаның мөлшері жан басына шаққанда 300 теңге деп белгіленген.
01 мамыр 2019 ж. 881 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031