» » 2019-2020 жылдары жарық көретін автокөліктер

2019-2020 жылдары жарық көретін автокөліктер

  Әлемде автоөніммен аты шыққан 10 шақты ел бар. Бүгінде сол автоөндірушілер жаңа автокөліктерді белсенді түрде дайындап жатыр. Айта кетейік, олардың көпшілігі ресейлік нарыққа жеткізілуін жоспарлауда. Бұл мақалада 2019-2020 автокөліктерінің күтілетін жаңартулары туралы әңгіме өрбітпекпіз.
Сонымен қатар мұнда жаңа автомобильдерді қарастырамыз. Заман дамыған сайын адамдардың да темір тұлпарға деген талғамы мен сұранысы жыл санап өсіп келе жатыр. Ендеше биыл немесе келер жылы еуропа мен көршіліс Ресей мемлекетінен құрастырылып шығатын көліктерді назарларыңызға ұсынамыз.
Aurus senat
Aurus Senat «Cortege» бірыңғай модульдік платформасында алғаш рет ресми түрде ұсынылған сериялық модель болды. 2019 жылдың бірінші жартысында шамамен 10 миллион рубль тұратын атқарушы класты седан көпшілікке ұсынылады.
Lada vesta sport
АвтоВАЗ-ның жаңа 2019 жылы Lada Vesta Sport сериялы седан осыған дейін ол бірнеше жыл бойы ұсынылған тұжырымдаманы қайталамайды. Оны жаңғыртып, 1.6 литрлік қозғалтқышы сорғыш астында автомобильді орналастырған. Оның қуаты 112-ден 145-ке дейін өсті.
Lada Largus FL
Он тоғыз жыл ішінде жаңартылған Lada Largus отбасының таныстырылымы биылға жоспарлануда. Ол Vesta стилінде X-тәрізді фронты, жаңартылған салон мен жабдықтардың кеңейтілген түріне ие болады. Алушының да қалтасына қонымды бағаға сатылады деп күтілуде.
BMW X7
BMW X7 флагмандық көлік құралының пайда болуы туралы бірнеше жыл бойы айтылып келеді. Бірақ ресми ақпарат жақында ғана пайда болды. Бавариттер осы жылдардың соңында жаңа үлгіні іске қоспақ. Шығарушылар ол әлемдегі жылдам әрі ақылды көліктермен бәсекелесетін керемет, ыңғайлы және мәртебелі машина болатынын айтады.
Аударған Ақтілек БІТІМБАЙ
31 мамыр 2019 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031