» » Жұлдыз – жорамал: Алдағы апта несімен қызық?

Жұлдыз – жорамал: Алдағы апта несімен қызық?

  Тоқты
Жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды жақсартуға тырысыңыз. Өз-өзіңізді қазірден қолға алмасаңыз, жаныңызға жақын адамыңызды ренжітіп алуыңыз мүмкін. Ешкімге уәде бермеңіз.
Торпақ
Апта маңызды мәселені шешуге қолайлы болмақ. Өзіңіз толықтай сенім арта алатын достар табасыз. Олардың арасында өте ықпалды адамның болуы ғажап емес. Кездейсоқ таныстық шығармашылығыңызды шыңдауға көмектеседі.
Егіз
Жеке өміріңізде өзекті мәселелер орын алады. Бірақ оның барлығын жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз. Жақын адамыңызбен ашық әңгімелесіп, оған сенім артыңыз. Сонда ғана мәселеден тез арыласыз.
Шаян
Жолыңызда кездескен барлық кедергіні ішкі түйсігіңізге сүйене отырып, тек өзіңіздің алға ұмтылуыңыздың арқасында жеңе аласыз. Сонымен қатар бұл апта романтикалық кездесу ұйымдастыруға қолайлы болады.
Арыстан
Өзіңіздің күш-қайратыңызбен, жағдайды бағамдай білсеңіз, барлық тапсырманы орындауға шамаңыз жетеді. Оңаша кездесуде маңызды мәселелерді талқыламаңыз. Отбасында аздаған кикілжіңдер орын алуы мүмкін.
Бикеш
Қиялға көп ерік бересіз. Алысқа көз тігіп, болашағыңыз туралы көп ойланасыз. Бірақ дәл қазіргі сәтті ұмытпаңыз. Алдағы күндер туралы ойлап жүргенде, бүгінгі күніңізді сағымға айналдырудан сақ болыңыз. Дәл қазіргі сәтпен өмір сүріп үйреніңіз.
Таразы
Аптада қиын тапсырмаларды орындап, маңызды сауалға жауап табасыз. Отбасыңызда жақсы жаңалық орын алып, қуанышқа кенелесіз. Отбасылық мереке ұйымдастырып, қуанышыңызға достарыңызды шақырыңыз.
Сарышаян
Ескі таныстармен басқосу қызықты өтеді. Олармен барлық тақырыпта еркін әңгімелесіп, жоспарыңыз туралы айтсаңыз болады. Күтпеген жерден жоспарыңыздың жүзеге асуына көмек көрсететін адам табылады.
Мерген
Аптаңыз сәтті басталады. Іскерлік кездесу ұйымдастыруға қолайлы уақыт. Жаңашылдыққа ұмтыласыз. Саудаласуға және мерекелік кеш өткізуге өте ыңғайлы. Достарыңызға сенім артыңыз, олар табысқа жетуіңізге көмектеседі.
Тауешкі
Еңсеңізді түсірмеңіз. Аздаған қиындықпен сәтсіздікке мойымаңыз. Алдағы күніңіз жақсы болатыны анық. Тек қателікке бой алдырмай, маңызды шаруаларды өз жауапкершілігіңізге алыңыз.
Суқұйғыш
Өзіңізді көрсететін мүмкіндіктер өте көп. Бірақ табысқа жету үшін жалғыз жорытқаныңыз жөн. Әріптестермен бірігіп жұмыс істеуде сіздің еңбегіңіз еленбей қалуы ықтимал.
Балық
Орындалмай қалған ескі жұмыстарды аяқтауға тырысасыз. Ашуға берілсеңіз, көп қателікке бой алдырасыз. Сондықтан сабырлы қалпыңызды сақтауға тырысыңыз. Жаңадан танысқан адамдармен араласуға абай болыңыз.
01 маусым 2019 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031