» » Жұлдыз-жорамал: Пайдаға кенелесіз

Жұлдыз-жорамал: Пайдаға кенелесіз

  Тоқты
    Кез келген тапсырманы орындап, аптаңыз жемісті өтеді. Жұмысқа белсене кірісуден еш қорықпаңыз. Сонымен қатар өз ойыңызды ашық айтудан еш қысылмаңыз. Достармен әңгімелесу жаныңызды жадырата түседі.
  Торпақ
  Бұл апта жақсылықпен басталады. Жаңа жобалармен жұмыс істеуді қолға аласыз. Бұл сіз үшін табысты болмақ. Бірақ бұдан бұрынырақ бастаған істі соңына дейін жеткізуді ойлаңыз.
  Егіз
  Қиындыққа тап болған жандарға көмектесуге әзірсіз. Тіпті қайырымдылық шараларын да ұйымдастыруға атсалысасыз. Өзгелердің мәселесін ойлағанда өз басыңыздағы мәселенің түкке тұрғысыз екенін байқайсыз.
  Шаян
   Қарбалас апта. Өзгелердің өміріне араласуға тура келеді. Себебі қиындыққа тап болған жандарға сіз ғана көмек көрсете аласыз. Сонымен қатар жаңа жоба бойынша жұмыс істейсіз.
 Арыстан
  Бойыңызда күш-қуатыңыз көп. Сондықтан жолыңызда кездескен кез келген кедергіні жоя аласыз. Алыс жол сапарға шығар болсаңыз, жолыңыз ашық. Бірақ айналаңыздағылармен тіл табысу қиындық туғызады.
  Бикеш
   Кез келген мәселені шешуге таптырмас уақыт келді. Сондай-ақ өз-өзіңізге туындатып алған мәселелерді де біржақты етесіз. Өз мүмкіндігіңізді аса бағаламаңыз.
  Таразы
   Көп мәселелер туындайды. Бірақ олардың барлығы тез шешімін табады. Тек дұрыс бағыт таба білген жөн. Сонымен қатар сізді кездейсоқ таныстық күтіп тұр.
   Сарышаян
  Сырт көзге жабырқаулы көрінесіз. Үнемі сізден көмек сұрап жүретін, тек сіздің кеңесіңізге құлақ түретін достарыңыз сіздің бұл түріңізді көріп, олардың да мазасы болмайды. Уайымдамаңыз, олар сізге көмектесуге тырысады.
   Мерген
    Сіздің өміріңізде өзгерістер орын алады. Алға қойған мақсаттарыңызға жете аласыз. Жасаған барлық іс-әрекетіңіз абыройыңызды арттырып, достығыңыз нығайып және іскерлік байланыс күшейеді.
  Тауешкі
   Туған-туыспен жақын болуға тырысыңыз. Олармен кез келген мәселе турасында сөйлесуге болады. Сіздің арқаңызда бір-бірімен ұрыс-керісте жүрген жандар татуласады.
  Суқұйғыш
    Жұмысыңыз алға басады. Қаражатқа байланысты мәселе де оң шешімін табады. Көп табыс табу үшін қандай істі қолға алу қажет екенін де білесіз. Ішкі түйсігіңіз қайсы ұсынысты қабыл алу қажет екенін айтады.
  Балық
   Жаныңыздағыларға көп талап қоймаңыз. Біреудің осал тұсын айтып, кикілжің тудырудың қажеті жоқ. Қарбалас сәттерде әзілқойлығыңыз көмектеседі. Отбасыңыздағы адамдар сіздің көмегіңізге зәру екенін естен шығармаңыз.
19 сәуір 2019 ж. 1 051 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031