» » Әйелін кереуетке байлап, 19 жыл қамауда ұстаған ер адам ұсталды

Әйелін кереуетке байлап, 19 жыл қамауда ұстаған ер адам ұсталды

  Аргентинада 57 жастағы ер адам 19 жыл әйелін қамауда ұстағаны үшін құрықталды. Келіншек күйеуінен ұзақ жылдар бойы жәбір көріп, туысқандарымен араласпай кеткен деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
-дың мәліметінше, бүгінде әйел адамның жасы 43-те. Ұзақ уақыт бойы ол кереуеттің аяғына байлаулы болған.Сонымен қатар ол жылдар бойы соққыға жығылып, 57 жастағы жұбайынан психологиялық тұрғыдан қысым көрген.
Басылым қазіргі таңда ер азаматтың құрықталып, алдын ала 60 күнге қамауға алынғанын да атап өтті.
Келіншек туысқандарымен сирек сөйлесіп тұратын. Оның өзінде жұбайы оған сол үшін арнайы сценарий жазып береді екен.
Бір күні ер адам есікті құлыптауды ұмытып кеткен. Қолайлы сәтті күткен әйел адам бірден бөлмеден босап шығып, жақындарына хабарласып, бар мән-жайды баяндаған.
05 маусым 2019 ж. 960 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031