» » Ләйлә Сұлтанқызы ең алғашқы көлігін екі күннен кейін-ақ талқандаған

Ләйлә Сұлтанқызы ең алғашқы көлігін екі күннен кейін-ақ талқандаған

  Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы алғашқы көлігін қалай алғанын айтып берді. Бұл туралы танымал тұлға Instagram парақшасында жазды.
Ләйла Сұлтанқызының айтуынша, ол темір тұлпарының рөліне 2004 жылы отырған.
"2004 жыл. "Суперстардың" аяқталған кезі, Кішкенбаев Алмас масқара жұлдыз, бірлесіп жұмыс істейміз. Продюсер деген сөз енді қолданысқа еніп жүрген кез ғой, продюсермін.Содан "Асар" партиясының мүшелері депутаттыққа үміткер болып агиткампания жүргізе бастады. Қызылордалық бір бизнесмен депутат болғысы келіп, маған хабарласты. Алмас 10 шақты күн бүкіл Қызылорда өңіріне концерт берсе, қалай болады деді. Ой, Алла -ай көп сұрауға қорқамыз, әр концертке ұяла-ұяла $1000 сұрадық.$500 жүргізіп тұрған маған, $500 әнші Алмасқа. Әр концертке $5000 сұрасақ та болар еді, ұят қой, ыңғайсыз ғой, мен сеп-семіз болып сахнада тұрғаныма қысылдым, Алмас танымал екенін әлі сезіне қоймаған, зорға $1000 дедік.Сол $5000 -ға келе сала оң рөлді Митсубиши Динго алдым да, екі күннен кейін газ бен тежегішті шатастырып алып, артының быт-шытын шығардым. Ең қиыны оңай алған көлігім жарамсыз болып қалды. Жап-жаңа Toyota avensis алғанша таксимен тағы да 2 жылдай жүрдім", - деп есіне алды тележүргізуші.
Журналист келесі көлігін кім және не үшін сыйлағаны бөлек әңгіме екенін алға тартты.
07 маусым 2019 ж. 1 034 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031