» » Ләйлә Сұлтанқызы ұлының менингиттен қалай айыққанын айтып берді

Ләйлә Сұлтанқызы ұлының менингиттен қалай айыққанын айтып берді

Cоңғы кезде елімізде менингиттен көз жұмғандар саны көбейіп кетті. Осы орайда танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзі жүргізетін «Өз ойым» бағдарламасында кіші ұлының менингиттен қалай айыққанын айтып берді. «Осыдан үш жыл бұрын менің алты жастағы кіші ұлым серозды менингитпен ауырған болатын. Сол кезде бізді екі тәулік бойы уланудан емдеген еді. Тек қана үшінші тәулікте жарыққа қарай алмаған кезінде дабыл қағылды. Сол кезде барып қана нақты осындай түрі деп айтылды. Ауруды қайдан жұқтырғанын да анықтай алмады. Өйткені ол балабақшаға, бассейнге баратын. Барлық жерді тексерді, ешкім ауырған жоқ, ештеңе табылған жоқ. Сондықтан ол қабынудан, кез келген жерде аяқ асты болуы мүмкін екен. Барлығына дайын болуымыз керек. Ең бастысы, аналар өте мұқият болса деймін. Біз кейде байқамай қаламыз, тұмауға балап кетуіміз мүмкін. Міндетті түрде дәрігерге апарып көрсету керек» – дейді Ләйлә Сұлтанқызы. 
08 маусым 2018 ж. 915 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031