» » "Нанды қорлады": Ұнды шашып ойнаған Луина елдің ашуын тудырды (видео)

"Нанды қорлады": Ұнды шашып ойнаған Луина елдің ашуын тудырды (видео)

  Отандық әнші Луина сүйіктісімен ұнды шашып ойнаймын деп ел қаһарына ұшырады. Желідегілер әншіні нанды қорлағаны үшін айыптап, кейбір адамдардың бір келі ұнға жете алмай жүргенін бетіне басты деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Көпшіліктің ашуын тудырған видео Instagram желісінде жарияланған.
Онда қос ғашық ойнап, бір-бірінің бетіне ұн шашады. Өздеріне аса қызық болып көрінген ойын желі қолданушыларына мүлде ұнамай қалған.
Ашуға булыққан көпшілік нанмен ойнаған ғашықтардың қылығын аяусыз сөгіп тастады. Олар әнші қызға ұнды рәсуа қылғаны үшін кері пікірлерді жаудырды.
"Нанды қорлады. Сол бір қалта ұнға жете алмай отырғандар қаншама" , "Ұнмен ойнаған ақымақтар", "Елімізде мисыздар көбейіп кетіпті" , "Нан ұсағын шашпаңдар. Жерде жатса, шашпаңдар. Теріп алып, қастерлеп. Торғайларға тастаңдар деген өлең бар ғой. Бір нанға зар болып қалмайық" , "Ойнайтын нәрсе тауыпты" , "Ұнды бекерге рәсуә қылды ғой" , "Ұнмен ойнап жатқаны несі?" , - деп жазуда көпшілік.

10 маусым 2019 ж. 645 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031