БЕРЕКЕЛІ ШАҢЫРАҚ – 2019
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен тұңғыш рет өткен «Берекелі шаңырақ – 2019» жас отбасылар арасында облыстық байқау өтті.
Аталмыш байқауға 35 жасқа дейінгі 6 отбасы қатысуға ықылас білдірді. Атап айтар болсақ, Қармақшы ауданынан Бадаевтар, Сырдария ауданынан Федотовтар, Шиелі ауданынан Шыныбековтер, Қызылорда қаласынан Итемгеновтар және Жаңақорған ауданынан Ысқақовтар мен Ахмедовтер отбасы бақ сынады. Сайыста «Тілдерді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, облыстық аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева мен Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары Рахима Қаржаубайқызы қатысуымен отбасыларға сәттілік тіледі. Байқау үш кезеңнен тұрды. Біріншісі, «Отбасы болу да – өнер» атты кезеңі. Мұнда әр отбасы өздерін жан-жақты таныстырды. Екіншісі, «Өнерлі өрге жүзер» сайысында бақ сынаушыдар өз өнерлерін көрсетті. Үшінші кезеңде «Сұрақ-жауап» арқылы ұяшықта тұрған сауалдарға жауап берді. Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімі бойынша «Бадаевтар» отбасы І орын иеленсе, «Итемгеновтар» отбасы ІІ орынды еншіледі. Сондай-ақ, «Шыныбековтер» отбасы ІІІ орынды қанағат тұтты.
Дәулет САҒИТ