"Біздің отбасы - есірткіден алыс!" байқауы өтті

Сондай-ақ өздерінің эсселерінде түрлі оқиғаларды мысал ретінде келтіріп, есірткінің адам өміріне келтіретін зиянын жазған. Нашақорлық дертінің дәмін жай ғана көріп, соңында оған тәуекел болып қалған оқиғаларды жазғандар да болды. Әп-әдемі өмірін бір сәттік ләззат үшін құртып алған жандардың оқиғаларын баяндағандар да жүлделілер қатарынан көрінді.
Осылайша өз шығармаларын ұсынған 26 отбасының ішінен Алпысбай отбасы Жалағаш ауданы №31 мектеп-гимназия, Елеусізовтар отбасы Қармақшы ауданы №79 негізгі мектеп, Шакимовтар отбасы Қармақшы ауданы Байқоңыр қаласы, Жүгінісовтар отбасы Қармақшы ауданы №185 орта мектеп, Сейлибаевтар отбасы Қармақшы ауданы №185 орта мектеп, Нұрғалиевтер отбасы Жалағаш ауданы №202 орта мектеп, Ұзақбай отбасы Жалағаш ауданы №246 орта мектеп ынталылық танытқаны үшін марапатталды.
Ал жинақталған ұпайларына сәйкес аймақтық жеңімпаздар қатарынан Жалағаш ауданынан Амангелді, Қазалы ауданынан Ниязбековтар және Қармақшы ауданынан Көшербаевтар отбасы көрінді. Сондай-ақ аймақтық 2 орын иегерлері де белгілі болып, жүлделі сыйлықтармен марапатталды.
Сайысқа қатысып, нағыз жеңімпаз атанғандар Қызылорда қаласынан Гафаровтар отбасы, Қазалы ауданынан Жолдыбаевтар отбасы және қаламыздан Серікбаевтар отбасы табылды.
Жансая Жүнісова