"Ешкімге реніш жоқ": Ринат Заитов Алматыда ұсталып, қайта босатылды (видео)

Кадрларға қарағанда оқиға "Алматы Арена" кешені маңайында болған. Бейнежазбада айтыскер жанында тұрған адамдармен сөйлесіп, өзінің партия құратынын хабарлады.
Ол күндіз-түні заңнаманы жаттауға уәде берді.
Сөйлеп жатқан сәтінде арнайы киім киген жасақ келіп, жиналған қауыммен бірге Ринат Заитовты ұстап әкетті.
Кейінірек тағы да бір ролик пайда болған еді. Онда Ринат үйге келіп, тағы да баршаға үйлеріне тарауын сұрайды.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы мен Нұр-Сұлтандағы санкцияланбаған акцияларға түсініктеме бере отырып, мұндай әрекеттерді полиция заңсыз деп бағалауы мүмкін деп хабарлады.
Мемлекет басшысының сөзінше, құқық қорғау органдары ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.