» » Назарбаев пен Трамп кездесуінің екі елге де маңызы айрықша - Ричард Хогланд

Назарбаев пен Трамп кездесуінің екі елге де маңызы айрықша - Ричард Хогланд

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дональд Трамп кездесуінде екі елдің алдағы 3 жылдағы дипломатиялық қарым-қатынасының бағыт-бағдары айқындалады. Мұндай пікірді қазақстандық бақ өкілдеріне сұхбат берген АҚШ-тың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Ричард Хогланд білдірді. «Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ басшысы Дональд Трамп арасындағы кездесудің маңызы зор. Өйткені, Н.Назарбаев - біздің президенттің шақыртуымен Ақ үйге келген Орталық Азиядағы тұңғыш көшбасшы. Кездесу барысында алдағы үш жылға арналған дипломатиялық қарым-қатынастың бағыт-бағдары айқындалмақ. Сондықтан, кездесудің екі елге де маңызы айрықша», - деді Ричард Хогланд. Оның пайымынша, Орталық Азия әлемнің назарын өзіне көбірек аударуды қажет ететін аймақ. Сол себепті Вашингтон да бұл өңірге жіті назарын аударады. Жалпы Қазақстанның бұл өңірдегі көшбасшы мемлекет екенін шартараптың түкпір-түкпірі біледі. Өйткені, Қазақстан әлемдік деңгейде зор абыройға ие болып, халықаралық аренада да саяси табыстарға қол жеткізіп отыр. «Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда және экономикалық әріптестік әлдеқашан тамырын тереңге жіберген. Мұндай қуатты байланыстың себебі мынада: Тәуелсіздік алған тұста Президент Нұрсұлтан Назарбаев түбегейлі экономикалық реформалар жасауға шешім қабылдады. Соның нәтижесі Қазақстанға әлемдік экономикада өз орнын табуға септігін тигізді. Нұрсұлтан Назарбаевтың сол шешімі сәтті болғанын уақыт дәлелдеді», - деді ол. Бұрынғы Елші сұхбат барысында Қазақстанға инвестиция салған америкалық алпауыт энергетикалық компаниялардың да көп екендігін атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстанда инвесторларға қолайлы жағдай жасалғандығын, сондықтан алдағы уақытта олардың саны арта түсетіндігін баса айтты. «Бизнес өкілдері әрдайым қағазбастылықтың аз және инвестиция салудың мүмкіншіліктері оңай болғанын қалайтындығы анық. Бүгінде сіздердің елдеріңізде кезең-кезеңімен атқарылып жатқан осы саладағы оң өзгерістерді әлем елдері байқап үлгерді. Мәселен, бизнес бастауға жасалған жағдайды анықтайтын Ease of doing Business деп аталатын халықаралық сараптама бар. Аталған тізімде Қазақстан жылдан-жылға өз орнын жақсартып келеді. Бұл сараптамаға бизнес өкілдері үлкен мән береді. Өйткені олар инвестиция салмастан бұрын сондағы кәсіпкерлікке жасалған жағдайға, түсетін пайда көлеміне және жергілікті тұрғындардың біліміне назар аударады. Қазақстанда мұның бәрі бар», - деді АҚШ-тың бұрынғы Елшісі. Ричард Хогланд БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілі Қайрат Омаровтың қызметіне де баға бере беріп, Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіне төралығы қызметіне де тоқталды.
16 қаңтар 2018 ж. 825 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031