» » » Банк жауапкершілігін арттыру керек – Мемлекет басшысы

Банк жауапкершілігін арттыру керек – Мемлекет басшысы


Банк жүйесін сауықтыру шаралары қарапайым азаматтардың мүддесімен жүргізілуі керек. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты телеэфирде жасаған мәлімдемесінде айтты.
Мемлекет басшысы Қазақстандағы қаржы секторының «қайта жандануы» - 10 міндеттің алтыншысы екенін атады.
«Банктік жүйелерді дамыту бақылау жолымен және қарапайым азаматтардың мүддесі үшін жүргізілуі керек. Банктерге иелік ететін адамдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Елбасы несиелеуді ұлғайту мен қор нарығын дамыту қажет екенін де атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан индустриясы жаңа технологияларды енгізу флагманы болуы тиістігіне тоқталды.
«Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуге, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттілігін барынша есепке алуға мүмкіндік береді», - деді Мемлекет басшысы.
10 қаңтар 2018 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031