Көкнәр – 2019

Республика көлемінде өтетін аталмыш шара 1 маусым мен 30 қазан аралығында өтеді. Кеңесте құқық қорғау және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп атқарылатын іс-шаралар кезінде туындайтын мәселелер жөнінде Қызылорда ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Ерболат Тұрахметов баяндама жасады.
Жиында есірткі алқабын анықтау және жолын кесу бағытында тек ішкі істер органының күшімен ғана емес, басқа да құзырлы органдарды жұмылдырып, есірткі алқабы анықталған жер учаскесінің иесіне шара көруді, нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған қожалықтың жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қаралды.