«Қайсар» қыздары клубтың Азия біріншілігінде чемпион атанды
Гандболдан қыздар арасындағы командалық Азия біріншілігінде Қызылорданың «Қайсар» командасы чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш дүбірлі додаға Қызылорданың «Қайсар», оңтүстік астананың «Алматы», Өзбекстанның АГМК, Оңтүстік Кореяның «4.25» секілді командалар қатысты. Командалар екі айналым бойынша сынға түсті. «Қайсар» қыздары барлық ойында өздерін жақсы қырынан таныта білді. Нәтижесінде аталмыш біріншіліктің бас жүлдесіне қол жеткізді. Айта кетерлігі, биыл қызылордалық клуб гандболдан жазғы спартакиадада чемпион атанды.
Сондай-ақ, Қазақстан біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. «Қайсар» енді клубтар арасындағы әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ол тамыз айының аяғында Қытайда өткізіледі.