» » ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ЖІГЕР БЕРЕР КЕЗДЕСУ!

ЖАС СПОРТШЫЛАРҒА ЖІГЕР БЕРЕР КЕЗДЕСУ!

      Жалағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және «Қызылорда облысының жастар одақтары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жерлесіміз дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, ҚР чемпионы, Германияда өткен еуропа кубогының жеңімпазы, жасөспірімдер және жастар арасында азия чемпионы, Бразилияда өткен әскерилер арасындағы әлем чемпионатының III - орын иегері Жеңісбек Жақсыбекпен жас спортшылар кездесті. Кездесу барысында жастардың спортқа деген құлшынысын арттыру үшін Жақсыбек туралы дайындалған бейнеоролик көрсетілді. Еркін форматта өткен кездесуді жастар орталығының қызметкерлері Н.Амандық және Н.Серәлі жүргізді.
               Жақсыбек өзінің 12 жыл осы спортпен айналысып жүргенде көрген қиындығымен, қызықтарын айтып отырды 9 сынып оқып жүрген кезінде спортқа деген құлшынысы болмай екі айдай спорт залына келмей жүрген уақытында жаттықтырушысы Арман Молдаханов ақылын айтып, болашағынан үміт күттіретінін жеткізіп қайта залға алып келгеніне алғыс білдірді. Шет мемлекеттерге барғанда бастан өткен қызық оқиғалары жас спортшылар үшін алға қойған мақсаттарына жетуге серпін бергендей болды.
              Кездесу соңында Жақсыбек өзінен кейінгі жастарға жаттықтырушының айтқанын орындап еңбектенетін болса чемпион болуға жол ашылатынын айтты. Жалағаш ауданы жастары атынан кездесуге келгені үшін Жақсыбекке жастар орталығы атынан арнайы алғыс білдіріп, сыйлық табысталды.
21 маусым 2019 ж. 539 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930