» » ДӘУЛЕТ – АЗИЯНЫ ЧЕМПИОНЫ

ДӘУЛЕТ – АЗИЯНЫ ЧЕМПИОНЫ

Бішкек қаласында (Қырғызстан) күрес түрлерінен өткен Азия чемпионатында жерлесіміз Дәулет Ниязбеков еркін күрестен алтын жүлдені иеленіп, еліміздің абыройын асқақтатты. Айта кетейік, бұл – осы жарыстағы еркін күрес түрінен еліміздің қоржынына түскен алғашқы медаль. 65 келіде өнер көрсеткен Дәулет Ниязбеков жарыс барысында төрт кездесу өткізді.
Төрт кездесудің нәтижесі саралайтын болсақ: Алдымен Солтүстік Корея балуанын 7:4, одан кейін жарыс қожайынын 6:3, жартылай финалда өзбекстандық спортшыны 10:0, ақтық сында жапондықты 11:0 есебімен тізе бүктірді. Қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген білекті балуан осымен үшінші мәрте Азия чемпионы атанды. Ол осыған дейін  2015 жылы Дохада, 2016 жылы Бангкокта өткен Азия чемпионатында алтын медальді иеленген.
Жаңақорған ауданының тумасы Дәулет еркін күрестен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ересектер арасында ҚР 6 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі рет қола жүлдегері атанған, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Лондон Олимпиадасының қатысушысы.
Қызылорда облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алатын балуанның бапкері – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов. Бапкердің айтуынша Дәулет енді мамыр айында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.
12 наурыз 2018 ж. 920 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031