» » ЗАҢСЫЗ СЫЙЛЫҚ БЕРІП АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

ЗАҢСЫЗ СЫЙЛЫҚ БЕРІП АЙЫППҰЛ ТӨЛЕДІ

Пробация қызметкерінің ұялы телефон нөмеріне бірлік салғаны үшін пробациялық есепте тұрған азаматша 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Нақты айтар болсақ, Қызылорда қаласында пробация бақылауында жүрген Т.Д. есімді азаматша қалалық пробация қызметкерінің ұялы телефон нөміріне 4700 теңге бірлік салған. Заңға сәйкес ол заңсыз сыйақы болып табылады.
Пробация қызметкері азаматшаның іс-әрекеті туралы өзіндік қауіпсіздік қызметіне баяндаған. Өз кезегінде, заңсыз сыйақы бойынша тиісті акті толтырылып, акт Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментіне жолданады.
«Лауазымды тұлғаға заңсыз сыйақы бергені үшінаталған азаматшаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 676-бабына сәйкес хаттаматолтырылып, сот қаулысымен 353500 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айта кету керек, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген қызметкерге немесе оған теңестiрiлген адамға көлемі 2 АЕК (5050 теңге) көрсеткішке дейінгіақша, бағалы қағаздар, мүлiкнемесе қызмет көрсетузаңсыз сыйақы болып табылатынын назарда ұстаған жөн. Ал, ақша, бағалы қағаздар, мүлiк немесе қызмет көрсету2 АЕК-тен асқан жағдайда ол пара болып табылады», - дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы Мұрат Ысқақов.
Жыл басынан бері Қызылорда облысында заңсыз сыйақы беру бойынша 4 әкімшілік іс қозғалып, 1414000 теңге айыппұл салынған.
10 шілде 2019 ж. 551 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031