» Профилактикалық шара өтуде

Профилактикалық шара өтуде

   
ҚР ІІМ-нің бастамасымен Қызылорда облысы аумағында 17-23 маусым аралығында «Шартты түрде» республикалық профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шараның басты мақсаты – пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу.

Профилактикалық шараға Пробация қызметінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары және ішкі істер органдарының басқа да құзырлы қызмет салалары жұмылдырылды.
Шара барысында пробация қызметінің инспекторлары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтар мен бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға тартылғандарды мекенжайлары бойынша тексеріп, олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Шара ағымдағы жылдың 23 маусымына дейін жалғаспақ.

Қызылорда қаласының пробация қызметі.
---
20 маусым 2019 ж. 687 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930