» » Жазира мен Жанболаттың әнін ұрлаған қырғыз әншілерін сотқа беретіні рас па? (видео)

Жазира мен Жанболаттың әнін ұрлаған қырғыз әншілерін сотқа беретіні рас па? (видео)

  Qazaqpyz__goi парақшасында отандық әншілер Жазира мен Жанболаттың әнін орындаған қырғыз әріптестерін сотқа беретіні жайлы мәлімет пайда болды. Осы ақпаратқа байланысты Жазира Байырбекова Instagram парақшасында пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желіге тараған ақпаратта: "Қырғыз әншілері Жанболат пен Жазираның толықтай репертуарын рұқсатсыз орындап жүр. Қырғызстанда қазақ эстрадасының жұбы Жанболат пен Жазираның әндері өте танымал, бірақ өздерінің орындауында емес деп мәлімдейді қырғыздық шоу-бизнес порталы.Балалардың xиты болған "Тәй-тәй" әні мен қыз ұзатуға арналған "Ақ ботам" қырғыз елінде үлкен сұранысқа ие. Сондықтан қырғыз әншілері қазақтың әнін үлкен саxналарда орындап жүр" дейді Кырғыз TV. Бірақ Жанболат пен Жазира әннің авторлық құқығын ешкімге бермегенін мәлімдеді. Қырғыз әншілеріне қарсы сот болуы мүмкін", - деп жазылған аталған парақашада.
Алайда әнші өздерінің қырғызстандық әріптестерін сотқа беруі мүмкін деген мәліметті жоққа шығарды.
"Біздің әндерімізді орындағаны үшін сотқа беру біздің табиғатымызда жоқ. Қырғыз әншілерін кім екен сотқа бергісі келіп жүрген? Ән үшін әншіні соттауға түбегейлі қарсымын", - деп жазды Жазира Байырбекова.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Жазира мен Жанболаттың репертуарындағы "Сенен басқа" әні түріктің 1970 жылдан бері келе жатқан танымал туындысы болып шыққан болатын.
Оғыз Доғанның желідегі жазбасынан соң жұлдызды жұп даулы әнге қатысты мәлімдеме жасады.
16 шілде 2019 ж. 676 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031