» » ЖОЛДАСТЫҚҚА ЖАРАП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЖОЛДАСТЫҚҚА ЖАРАП ЖҮРМІЗ БЕ?

  Шаңырақ көтеруге ниетті екі жасқа ең жақын жандар – қыз жолдас пен күйеу жолдас. Себебі олар Алла алдында да, адамның алдында да заңды некелеріне куәлік етеді. Демек, жауапкершілік жүгі жеңіл емес деген сөз. Досың ең үлкен қызықшылығында қасында болғаныңды қалады екен, сенім үдесінен шыққан жөн.
 «Дәстүр жаңғырды» деп айта аламыз ба? Әрине, заман бөлек, заң бөлек. Қыз ауылында сал-серілігін танытпаса да, досы үшін жақсылық жолында аянып қалмайтын жігіттер жетерлік. Оған уәжіміз жоқ. Десе де, той кезінде төрде қайта-қайта отырып-түрегелгеннен басқа қатырған ештеңесі болмайтындар да табылады. Бұл жігіт жолдастықтан гөрі қорғаушы қызметіне жақын секілді. Енді мына жайға қараңыз. «Бір қыз тұрмыс құрса, қырық қыз түс көреді» дейді қазақ.  Түсін қайдам, «тұрмыс құру эстафетасының» иегері болғысы келген қыз қалыңдық гүліне таласатын болды қазір. Ибалы деген қазақ қызының тойда тоңқалаң асып, өмірлік жарын үш бума гүлден іздеп жатқаны ерсі көрінбей ме? Жалпы, бізге бұл дәстүр қайдан келді? Көптеген ұлттардың сенім-нанымына кіріп кеткен үрдіс жайлы нақты мәлімет жоқ. Бір анығы, бұл бізге Америкадан келген. Түп-төркіні еврей халқынан бастау алған деседі. Тіпті, орта ғасырларда Еуропадағы бойжеткендер той көйлегін безендіріп тұрған әрбір зат әйел бақытын әкеледі деп, той соңында қалыңдықтың жалба-жұлбасын шығарып, әшекейлерін талап әкететін болған. Ал енді «гүлді қағып алсаң, тұрмысқа шығады-мыс» деген сенім қаншалықты рас? Ешқандай да қисынға қонымсыз дүние екенін көпшілік те мақұлдайды. Шариғатқа сәйкес келмейтіні екібастан белгілі.  Не десек те, шаңырақ құру, құрмауымыз қалыңдық гүлін қағып алуға байланып тұрмағаны белгілі. Жігіт жолдас пен қыз жолдасқа қатысты ырым-сенімдер жетерлік.  Мәселен, үш реттен артық той төрінен табылсаң, жолың байланып қалады дейді білгіштер. Бір анығы, қазақы түсінігімізде дос қасынан табылып, қызықшылығына ортақтасу әрқашан сауапты іс болмақ. Бізге керегі – жолдан қосылған ырым-сенімдерге бой алдырмай, жолдастыққа жарай білу. 
Анель ЭЛЬДОС,
 Қызылорда қаласы
16 шілде 2019 ж. 1 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031