Пенденің пердесі
– Иә.
– Несиеңізді неге төлемей жүрсіз?
– Қарындас, не ғой, айлық кешігіп жатыр. Кеше балдызым үйленіп, қолда барды сонда жібердік қой. Сосын ауылдағы Қатирадан ана айда қарызға алып, осы айда беремін деп қойып едім. Одан да ұят болды...
– Сонымен, неге төлемей жүрсіз? Қысқаша айта аласыз ба?
– Енді, айтып жатырмын ғой. Қай жеріне келіп едім, әлгі... Иә, иә, Қатирадан ұят болды, осы айда емес, келесі айда төлейтін шығармын несиені.
– Олай болмайды. Біреуден қарызға алсаңыз да төлеп тастаңыз. Ертең соңғы күн.
– Қарындас, тоқтаңызшы, қазір біреуге біреу қарыз бере ме?
– Енді бірдеңе қылыңыз.
– Мысалы, сіз маған қарыз бересіз бе? Онда сіз төлей салыңызшы, сосын сізге қайтарамын ғой.
– Дың... дың...
Менеджер қыз да әрең құтылғандай болды. Бұл Доңбай біреуден қарыз сұрарда кенедей жабысып айырылмайды. Ал берешегін қайтарарда құдды бір жердің астына кіріп кеткендей болады. Банктің де басы қатты деген сол ғой. Танымайтын айдаладағы менеджерден қарызға сұраған несі ә?! Көрші Құдайберген екеуі бір шөлмекті ортаға алып отырғаны осы еді?! Тісін ақсита күлді де, темекісін тістеп:
– Менікі дұрыс емес пе, айтшы?! Әдірам қалғыр да қарызға бере тұрса несі кетеді ей?! Төлеп тастаймын ғой келесі де. Өй, әкесінің...
Екеуі сыңғыр еткізіп, ыстақанды соғыстырды. Көрші Бәдән да оның сөзін қоштап, арқасынан қақты. Ортадағы қиярдан бір тістеді де таба нанды иіскеп, бір рахаттанғандай болды.
– Дөке, сол кіредитті не нәрсеге алып едің өзің?
– Өй, ана қатын бар емес пе үйде?!
– Е, не бопты жеңгеме?
– Ана құрдас қатындардың бәрі шеттерінен жаңа шүбә алыпты. Енді біздің қатынды да аяуға болады. Сонау 90-жылдары өзімен келген шүбәсі ғой. Біздің үйге түскелі бері түк әпермеппін. Ұялдым, ә, – деді де кәлөштің үстіне аяғын қойып, нәскидің жыртығынан шығып тұрған үлкен бәшәйді кейін қарай қайырып жатып, шырт-шырт түкірді.
– Әссамәккөөөөөм...
Көрші Аңғарбай кірді есіктен. Арақтың иісі мұрнын жарды ма, әйтеуір, аузының салымы бар. Осында Бәдәннің кәпесі барын біледі де, ішкісі келсе, қисайып басын қасып келіп тұрады. Оның жымыңдаған жүзін көрді де Доңбай суық амандасты. Жақтырмаған сыңайын байқады да:
– Ал жігіттер, орта толсын. Мен кіредитімді шешейін, – деді де қисая басып, есіктен шықты.
Жартылай сыланған күңгірт бөлмеде екеуден екеу қалып, құтыны қайта сыңғырлата бастады. Хор қызының күлкісіндей бұл дауыс Аңғарбайға жағып барады. Өзі де мәз. Үнсіздікті бұзған Бәдән Доңбайдың әрекетін әңгіме ете бастады.
– Осы деймін дә, мына Доңбайдың есі дұрыс емес.
– Ойбай-ау, ондайы да бар ма еді?! – деді сақ-сақ күлген Аңғарбай қасындағысын одан әрі сөйлеткісі келіп.
– Жұрт оны-мұныға ақша таппай жатқанда, кредитке «пәлтө» алғанды қайдан көрдің? Төлей алмай ыңырсып жүргені әні. Біздің қатын өкшесі жыртылған «нәскиді» теріс қаратып киіп алып жүре береді. Бір қыңқ демеді. Ананың өзінен-ау, қатынға еге бола алмай жүрген. Қалай ойлайсың?!
– Мен де солай ойлаймын. Нағыз еркек біз ғой, – дей бергені сол еді, ар жағынан едірең қағып келген Есенкүл көкесін көзіне көрсетті.
Өзгені қатынды бос қойған деп кінәлаған Аңғарбайдың аяғы аспаннан келіп, жерде домалап жатты. Ал Бәдән бір бұрышта состиып қалды. Олардың еркелігін байдың шолжаң өскен қызы Есенкүл не қылсын?! Ала құйындай боратып келіп, боратып кетті.
Бәдән темекісін тұтатты. Ал Аңғарбай қасында әлі отыр. Үйіне бармайын десе, кешіккен соң Есенкүл еселеп төпейтінін біледі. Ал кетейін десе, келесі келген біреуге Бәдәннің бақырайтып тұрып, осалдығын оңдырмай айтып жіберетінін түсінді.
Енді не істерін білмей әлі отыр. Пенденің пердесі осындайда ашылады екен ғой, ә?!

Аян СПАНДИЯР