Рамазанға дейін жасалуы тиіс 7 іс
Рамазан күллі мұсылман қауымның сағына күтіп, қимай қоштасатын айы. Дәл осы айда пенде Жаратушысына жақындай түседі. Ендеше осы айда әрбір мұсылман нені жіберіп алмау керек? Рамазанға қалай дайындалу керек? Нендей амалдар жасаған дұрыс?
Ниет ету
Рамазан айында мейлінше жақсы істерді жасауға ниеттенген ләзім. Ол Құран оқу, қосымша намаздар өтеу, садақа беру, мешітте жамағатпен намаз оқу сияқты міндетті әрі игі істерден бастау алған дұрыс.
Тәубе ету
Алладан қателік пен күнәларыңыз үшін кешірім сұрап, Рамазанды таза жүрек және жан тыныштығымен қарсы алған жөн.
Осы айда жасайтын істердің тізімін жасап қойған дұрыс.
Әр күніңізді босқа өткізбеуге тырысыңыз. Ол амалдар өміріңіздің барлық саласын қамтуы тиіс: Аллаға құлшылық, білім алу, жұмыс істеу, қоғамға атсалысу, туған-туыс, отбасына жәрдемдесу, денсаулыққа көңіл бөлу және т.б.
Әр күніңізді босқа өткізбеуге тырысыңыз. Ол амалдар өміріңіздің барлық саласын қамтуы тиіс: Аллаға құлшылық, білім алу, жұмыс істеу, қоғамға атсалысу, туған-туыс, отбасына жәрдемдесу, денсаулыққа көңіл бөлу және т.б.
Келесі Рамазан келіп жеткенше өткен оразаның қазасы болса өтеңіз.
Оразаға «жаттығу» жасаңыз.
Ағзаңызға бірден тамақтан тыйылу қиын болады, сондықтан тамақтың мөлшерін азайтып отырыңыз. Кез келген бір күні ораза ұстап «жаттығу» жасап көріңіз. Қуырылған, майлы және ащы тағамдардан, кофе мен газдалған сусындардан бас тартыңыз. Олар денсаулыққа өте зиянды.
Берешектен құтылыңыз.
Егер берешектеріңіз болса, қарыз болсаңыз, олардан құтылып, бітпеген жұмыстарды тезірек аяқтауға тырысыңыз. Сонда ойыңыз бөлініп, алаңдамай, Рамазанға еш уайымсыз дайындалатын боласыз.