Оныншы белес

Оңтүстік Америка құрлығында футболдан Америка кубогы да өз мәресіне жетті. Финалда Бразилия құрамасы Перуді жеңіп, 12 жылда алғаш рет бұл мәртебелі кубокқа қол жеткізді.
Финалдық матч әйгілі «Маракана» стадионында өтті. Алғашқы гол 15 минутта соғылды. Габриэль Жезустың пасын сәтті пайдаланған Эвертон Перу қақпасынан саңылау тапты. Мұнан кейін 44 минутта қарсыластар сапынан Хосе Паоло Герреро есепті теңестірген. Алайда 1 тайм тәмам боларға дейін Жезус өзі де гол соғып, бразилиялықтарды алға шығарып үлгерді. Дегенмен матч қаһарманы атанудан үмітті Жезус 70 минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды. Алаң иелерінен адам саны азайғанын Перу құрамасы пайдалана алған жоқ. Есесіне Ришарлисон 88 минутта пенальти орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.
Әлем чемпионатын бес рет жеңіп алған Бразилия Америка кубогын осымен оныншы рет ұтып отыр. Соңғы рет 12 жыл бұрын құрлықтық додада оза шапқан. Ал осы турнирде үшінші орынды Чили құрамасын жеңген Аргентина иеленді.  Бразилия құрамасы сапында  36 жастағы қорғаушы Дани Алвес аталмыш турнирдің үздік ойыншысы атанды. Ол осымен өзінің мансабындағы 40-трофейді қанжығасына байлады. Бұл тұрғыда жер бетінде ешқандай футболшы Алвеспен теңесе алмайды.

15 шілде 2019 ж. 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031