» » Франция – чемпион!

Франция – чемпион!


Футболдан Франция құрамасы әлем чемпионы атанды. ӘЧ-2018 финалдық кездесуі Мәскеудің "Лужники" стадионында Франция мен Хорватия құрамалары арасында өтті.
Ойынның 18 минутында Хорватия құрамасының шабуылшысы Марио Манджукич өз қақпасына автогол салды. Алайда оның әріптесі Иван Перишич 28 минутта есепті теңестірді. Француз сұрмергені Антуан Гризманн 38 минутта есепті еселеді. Поль Погба 59минутта есепті 3:1-ге жеткізсе, алты минуттан соң Киллиан Мбаппе алыстан хорваттар қақпасынан саңылау таба білді. Марио Манджукич ойынның 69 минутында есепті бір ұпайға қысқартты.
Еске салайық, 14 шілдеде футболдан Әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін таласта Бельгия құрамасы ұлыбританиялықтардан басым түсті. Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы "Крестовский" стадионында өткен кездесу 2:0 есебімен бельгиялықтардың пайдасына шешілді. Ойынды тамашалауға 64 406 жанкүйер жиналған. 
Ойынның төртінші минутында бельгиялықтардың жартылай қорғаушысы Томас Менье Насер Шадлидің пасын нәтижелі етіп, есеп ашты. 82 минутта бельгиялықтардың капитаны Эден Азар есепті еселеді. Нәтижелі пастың авторыДе Брёйне.
Бельгия құрамасы осы әлем біріншілігінде 16 гол салып, ең көп гол салған команда атанды. Сондай-ақ осы құрама тұңғыш рет әлем біріншілігінің қола медалін жеңіп отыр. 
19 шілде 2018 ж. 688 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930