» » ЫСТЫҚТА САҚ ЖҮРУДІ ЕСКЕРТТІ

ЫСТЫҚТА САҚ ЖҮРУДІ ЕСКЕРТТІ

  Синоптиктер алдағы уақытта да аймағымызда ауа температурасының ыстық болатынын ескертеді. Сондықтан да тұрғындар сақтық шараларын күшейту қажет. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте тиісті сала басшылары мәлімдеме жасады.
         Аймақта ауа-райы өте қатты ыстық болуына орай ҚР Еңбек кодексінің 23-бабына сәйкес жұмысты жалғастыру жұмыскердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтату жұмыс берушінің құқығы әрі міндеті. Бұл туралы облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев мәлімдеді.
Әйгерім Жүкелова,«Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының» бөлім бастығы:
  – Облыс территориясына жоғары қысым алқабының енуіне байланысты қазіргі таңда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ертең, 16 шілде күні, ауа температурасы 39-40 градусқа дейін жоғарылайтын болса, шілденің 17-20 аралығында ауа температурасы 41-46 градусқа дейін ыстық күтілуде. Тек солтүстікте, Арал, Қазалы аудандарында 16-17 шілде күндері ауа температура 35-37 градусқа төмендейді. Сонымен қатар, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. Циклонның енуіне байланысты, шілденің 20-нан кейін ауа температура 33-38 градусқа дейін төмендейді. Айдың аяғына таяу жаңбыр күтілуде.
         Ауа температурасының жоғарылауына байланысты өзен мен көлдердің жағасында демалушылар күрт өскен. Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Саид Молдақараев суға түсу кезінде қауіпсіздік сақтауды ескертті. Сондай-ақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов облыс тұрғындарын ұзақ сапарлардан, ашық күннің астында сыртта ұзақ жүруден бас тартуға шақырды.
Гүлбану МАҚАЖАН
18 шілде 2019 ж. 480 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031