» » Алдағы күндері елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады

Алдағы күндері елімізде 41 градусқа дейін ыстық болады

  Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап. Синоптиктердің мәліметінше, 9-10 шілде күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасы 40-41 градус болады.
"9 шілде күндіз Атырау облысында 35-38 градус, 9 шілде күндіз Атырау қаласында 35-37 қатты ыстық, Жамбыл облысында кей жерлерде 39 градус қатты ыстық, 10-11 шілдеде кей жерлерде 41 градусқа дейін ыстық болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында да 9 шілдеде кей жерлерде қатты ыстық 36 градус ыстық, найзағай, бұршақ болады деп болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері. Түнде және таңертең 9 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 18 м/с күтіледі. 10 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық болжанады. 9 шілдеде Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз 41 градус қатты ыстық күтіледі. Күндіз 10-11 шілдеде Актөбе облысының кей жерлерінде, 11 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық болады.
09 шілде 2019 ж. 592 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031