ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша "Сана" зияткер жастар мектебі" Қоғамдық Қорының ұйымдастыруымен «ЕРІКТІЛЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ» әлеуметтік жобасының аясында «Бәріміз біргеміз!» ерікті жастар акциясы өткізілді.
Еріктілермен жұмыс жасау орталығының» еріктілері 9 жасар Кенжеқараев Ағыбай мен 15 жастағы оқушы Баймахан Ержанның баланың үйінде болды. Бұл іс-шарада оқушы мен еріктілер барлығы бірігіп әр түрлі қызықты ойындар ойнап, сурет салып қызықты уақыт өткізді. Іс-шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Акция соңында оқушыға сыйлықтар беріліп, сый-сияпат жасалды.