БҰҰ 2018 жылғы басты міндеттерін атады

БҰҰ Бас ассамблеясында сөйлеген Гутерриш өзі бас хатшы болып жұмыс істеген бір жылда «адамзат бейбітшілікке маңайламағанын» да айтты. Оның сөзінше, Еуропадағы жанжалдарды реттеу үшін Донбасс, Таулы Қарабақ, Грузия және Приднестровье бойынша арағайындық жасау жұмысын жандандыру керек. Гутерриш, сонымен қатар, Солтүстік Кореяның 2018 жылы ақпанда Оңтүстік Кореяда өтетін Олимпиадаға спортшылар жіберу туралы шешімін қоштады.