» » Шекарашылар жыры

Шекарашылар жыры

Шекарашылар жыры

(2019 әскери бөлімінің 20 жылдығына арнаймын)
Жаз күнінде шыжыған ыстық аптап,
Күздің күні ақ жаңбыр, теңіз батпақ.
Қыста суық, борасын, қарлы соқпақ,
Қаруланған жауларын кесе басқан
Шекарашы ерлерді кім тоқтатпақ?
Өмірімді арнадым заставаға,
Алғы бетте жат өлке, басқа қала
Шекараны қас-қақпай күзететін
Ел қорғаған батырлар жасқана ма?
Бейбіт өмір сыйлаймыз Астанаға,
Сарыарқаға салынған бас қалаға.
Нұр-Сұлтан деп атаймыз шын жүректен
Елбасының ерлігі асқар ала.
Болсадағы қарлы шың, асу қиын,
Қару-жарақ киініп, жасыл киім.
Елімізді қас-қақпай күзетеміз,
Шекараның тік ұстап, жасыл туын.

Нұр-Сұлтан қаласы
Ағады Есіл өзен баяу ғана,
Айбынды Нұр-Сұлтанға аяулы ана.
Жалындап жиырма бірде жас жігіттей,
Нұр-Сұлтан бой көтерген ұлы қала.
Нұр-Сұлтан жас жігіттей жалын атқан,
Тамсанып көрген адам таңдай қаққан.
Сән түзеп, гаухар тастай ғимараттар
Таң алды күн шыққандай сәуле шашқан.
Ағарып күндіз-түні сәуле шашқан
Нұр-Сұлтан бар қаладан сәулеті асқан.
Аққудай мейірімді Есіл ана
Ақ  ала күмістей боп шалқып жатқан.
Таң қалып жер жүзінің даналары
Шығам деп Бәйтерекке қайран қылған.
Басында Елбасының қолтаңбасы
Адамға шуақ шашып жайнап тұрған.
Жасынан бәйтерккте өскен ұлдар,
Қырағы қыран құстай елді қорғар.
Алшаңдап хан шатырды өскен ұлан
Айбатты арыстандай болар қабылан.

Шакизада Күлімбет
22 шілде 2019 ж. 483 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930