» » ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР


Тәртіп сақшылары түрлі шытырман оқиғаларға тап болып жүреді. «Әр елдің салты басқа» дегендей, полиция қызметкеріне қойылатын талаптар әртүрлі. Әлемдегі құқық қорғау саласындағы қызықты мәліметтерді ұсынамыз. Ақпарат vseznaesh.ru сайтынан алынды.
Австралияның Квинсленд қаласында полиция бөлімшесі бар. Оның ерекшелігі полиция қызметкерлері сымсыз желілердің қауіпсіздігін бақылайды. Оқылықты анықтап, тұтынушыға хабарлау олардың басты қызметтік міндеті. «Сымсыз» полиция қызметі үйдегі желінің қауіпсіздігін сақтап және басқалардың қолданбауын бақылайды.
***
Андрей Чикатило есімді сериалық өлтірушіні тұтқындау ісінде полиция 1000-ға жуық қылмысты ашқан. Зерттеуден соң оның 95 рет кісі өлтіріп, 245 рет зорлық-зомбылық әрекетке барғаны анықталған.
***
Германия полициясы бір күні көшеде мас күйінде отырған үкіні ұстаған. Иә, кәдімгі құс. Әзер жүретін үкі жол қозғалысына кедергі келтіріпті. Үкінің екі бөтелге шнапс ішімдігін ішіп қойғаны белгілі болған.
***
Таиландта полицейлер жат қылық көрсетіп немесе заң бұзса, Hello Kitty деген балаларға арналған таңғышты қолдарынан тастамай жүруге міндетті екен.
 ***
Англияда полиция қызметкерлерін bobby деп атайды. Бұл сөз Ұлыбритания премьер-министрі Роберт Пиляның (қысқарған Роберт — Боб немесе Бобби) есімінен шыққан екен. Ол 19-ғасырдың аяғында полиция қызметін ұйымдастырып, тиімді әрі табысты мекеме ретінде қалыптастырған.
***
Лондонда полиция қызметкерлерінің 90 пайызы атыс қаруын өздерімен бірге алып жүрмейді екен.
***
Грузия Президенті 2004 жылы жол полициясы ұлттық қызметін түгелдей 30 000 қызметкерді бір мезетте жұмыстан босатқан. Бұл әрекетке жемқорлықтың алдын алу үшін барған.
***
АҚШ та полиция қатарына қабылданғанжа «офицер» немес «детектив» деген шен беріледі. Жылдар өтіп, қызметін мінсіз атқарса да лауазымы өзгермейді. Полиция қызметкерлерінің 90% сол атақпен зейнет жасына шығады екен.
***
Америкада жеке адвокаты болса шақырта алады. Жоқ болса, адвокатты тек сот кезінде көреді. Тегін адвокат қызметі қаржысын өздері төлей алмайтын азаматтарға ғана бөлінеді.
27 шілде 2019 ж. 604 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031