» » Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы өтуде

    Қызылорда өңірінде республикалық  «Жолда қабылдау»  акциясы   өтуде. Сыр өңірінің климаттық жағдайының ерекшелігін ескере отырып,  аптап ыстыққа қарамастан  полиция кеңесіне жүгінгендер аз болған жоқ.
 Акция басталғалы таңертеңнен мобильді пункттерге 100-ден аса   тұрғын келіп, түрлі мәселелер бойынша кеңес алды. 
Облыс бойынша 11 мобильді қабылдау пункттері, ал облыс орталығы Қызылорда қаласында 2  мобильді қабылдау пункттері қызмет етіп жатыр.
Екі күнге жоспарланған акцияда Полиция департаментінің басшылығы, Әкімшілік полиция, Жергілікті полиция қызметі және Көші-қон қызметі басқармалары, сонымен қатар, Қызылорда қалалық Полиция басқармасы және аудандық полиция бөлімдерінің басшыларынан құралған арнайы мобильді топтар белгіленген  жерлерде тұрғындарды қабылдап жатыр.
Сондай-ақ, акция барысында облыс тұрғындары департаменттің ресми әлеуметтік парақшалары және де «жедел желі» арқылы толғандырған сауалдарын жолдай алады.
Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

21 шілде 2019 ж. 1 148 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031