» » ПРЕЗИДЕНТ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ

ПРЕЗИДЕНТ МҰҒАЛІМДЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ТАПСЫРМА БЕРДІ


Президент жас мамандардың дені еңбек нарығының талабына сай келмейтінін айтты.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтың мәртебесіне қатысты заңды жылдың соңына дейін қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Білім саласы – экономиканың дамуына ықпал ететін маңызды бағыт. Тіпті, экономиканың толыққанды бір саласы деп айтуға болады. Дегенмен, бүгінде түйіні шешілмеген бірқатар мәселе бар. Қала және ауыл мектептерінің білім беру сапасында әлі күнге дейін айтарлықтай алшақтық сақталып отыр. Апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептердің мәселесі де өзекті. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы мардымсыз", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президенттің айтуынша, жас мамандардың көбісі еңбек нарығының талабына сай келмейді. Бұл мәселелерді шешу үшін "Педагог мәртебесі туралы" заң әзірленіп жатыр. "Бұл жұмысты жыл соңына дейін аяқтау қажет. Ең басты мақсат -  мұғалімдер осы заңның игілігін, пайдасын сезінуі тиіс. Білім саласымен қатар ғылым саласына да тиісті көңіл бөлу керек", - деді Тоқаев.

30 шілде 2019 ж. 620 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031