» » ШАШЫН БОЯП КӨЗІ КӨРМЕЙ ҚАЛДЫ

ШАШЫН БОЯП КӨЗІ КӨРМЕЙ ҚАЛДЫ

Стэф О'Делл Амстердам қаласына сіңлісінің 18 жас мерейтойына баруды жоспарлап, алдын ала шашын бояған. Алайда көп ұзамай 24 жастағы арудың беті үш есе ұлғайып, көзі көрмей қалған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ. Бойжеткен шаш бояуға арналған бояғыштарда көп кездесетін парафенилендиаминге аллергиясы барын жасөспірім күнінен білген. Сол себепті ару шашын боямас бұрын, бояғышқа аллергиясының бар-жоғын тексерген.
"Мен шаштаразға аллергиямның барын айтқан едім. Ол бояғыштың табиғи екенін айтып, бас терісіне тимейтінін айтып сендірді. Біз тест жасадық, алайда ешқандай әсер болмады. Сол себепті мен шашымды бояуға дайын болдым", - дейді Стэф.
Фото: thesun.co.uk
Екі апта өткеннен кеййін бойжеткен шашын бояп, нәтижесіне көңілі толған еді. Алайда сол күні-ақ Стэфтің мойны қыши бастаған. Анықталғандай арудың мойнына бояғыш жағылып қалған. Алайда бойжеткен ештеңеге қарамастан сіңлісінің туған күніне ұшып барған.Дегенмен ауруы асқынып, ол әкесінің қалауымен үйіне қайта оралған. Көзі көрмей қалған Стэф әуежайдан бірден ауруханаға жеткізілді.
31 шілде 2019 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031