Болашақ жарын сүймейтінін ару елдің кеңесіне жүгінді

Амалы таусылған бойжеткен бірнеше айдан бері сөйлесіп жүрген жігітке тұрмысқа шығуға келісімін берген.
Алайда ару ол азамтты сүймейтінін, онымен бірге болғысы келмейтінін алға тартты.
"Осыдан бірнеше ай бұрын өзіме сөз салып жүрген бір жігіттің ұсынысын қабылдап, келісімімді бердім. Енді міне, жақын күндерде той, бірақ менің ол жігітке деген кішкентай болса да сезімім жоқ. Бірге тұрмақ түгілі, телефонмен сөйлескім келмейді. Құда түсіп, сырға салып, той күні белгіленіп те қойды, ал мен өз ойымды жинақтай алмай жүрмін", - дейді бойжеткен.
Сонымен қатар, тығырыққа тірелген ару жігіт жақ туыстарының көңілінен шыға алмағанын да сөз етті.
"Үй іші мені жақтыра қойған жоқ. Енді мен не істесем болады? Көп адамдар уакыт өте бауыр басып кетесің дейді, бірак қазіргі өмірім тозақ сияқты, ал кейін не болары маған беймәлім.
"Ертерек ойланбадың ба басында" дейтін шығарсыздар, алайда сол кездегі ойым тұрмысқа шығып, үйдегілерді тыныштандыру болды.
Күн өткен сайын жағдай қиындап бара жатыр, өтінемін, ақыл қосыңыздаршы", - деді кейіпкеріміз мұңын шағып.