Бұйрықтарға өзгерістер енгізілді
Адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларды аттестаттаудан өткізу және нотариустардың өтініштерін қабылдау, мөрлерін тіркеу және беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 қазандағы қаулысына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 қазандағы №637 қаулысымен өзгерістер енгізілуіне сәйкес, 2018 жылы 10 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу» туралы №54 бұйрығы бекітілді.
Қазіргі уақытта бұйрық ресми жарияланып, қолданысқа енгізілді.
Аталған бұйрыққа сәйкес, Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер енгізілді.
Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасына сәйкес, адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер және адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда аттестаттаудан өтедi. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия жетi мүшеден – үш адвокаттан, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Ал нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.
Адвокаттық қызмет туралы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар, теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар және "Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша судья өкiлеттiктерiн тоқтатқан адамдар адвокаттық қызметпен айналысу құқығына Комиссияда аттестаттаудан босатылады.
Ал Нотариат туралы ҚР Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы, яғни осы адамдар аттестаттаудан босатылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi бүгінгі күні адвокаттық және нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салады және оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны немесе тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесін жолдайды.
Ал нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салу, әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі және заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесін жібереді.
А.Косбергенова,
Қызылорда облысының Әділет департаментінің
бөлім басшысы,
ҚР Заңгерлер одағының мүшесі.