Айжан Байзақова алғаш рет ұлының "әкесін" көрсетті
Танымал блогер Айжан Байзақова алғаш рет ұлының әкесін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тұрмысқа шықтым деп жұртты шулатқан Айжан Байзақова ұлының әкесінің суретін желіге жариялады.
«Ақыры ұлымның әкесін көрсетуге шешім қабылдадым», - деп жазды Байзақова суреттің тұсына.
Желі қолданушыларының бірі оның бұл әрекетін құптаса, екіншілері оларға бақыт тілеп жатты.
«Айжан, сіз тамаша қызсыз. Сізге бақыт тілеймін», «Бізді алдағанды доғарыңыз!», «Екінші пранк те өтті. Сені ерекше жақсы көремін», «Қатты ұқсайды екен», «Байзақованың егізі сияқты екен», «Сені танитын адамдар жүктілігің кезінде шашыңның қара болғанын біледі», «Айжан бізді алдаудан шаршамадың ба?», «Мен де осындай күйеуімнің болғанын қалаймын» деп жазды желі қолданушылары.
Артынша блогер бұл суреттегі арудың өзі емес екенін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Айжан Байзақованың тұрмысқа шыққаны туралыхабарлаған едік. Артынша мұның өтірік екені белгілі болды.