Билет алып-сатарларды қатаң жаза күтіп тұр
«Қазақстан Темір жолы» басшыларының ойынша, алып-сатарлар теміржол билеттерін сататын жекеменшік агенттіктермен жең ұшынан жалғасып отыр.
Алып-сатарларды жазалауды күшейту қажет, деді кеңес барысында «Қазақстан темір жолы» АҚ төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов, деп жазады Zakon.kz.
— Алып-сатарлар билет сататын жекеменшік агенттіктермен жең ұшынан жалғасып отыр деп ойлаймыз. Бізде теміржол билеттерін сататын 244 касса бар, ал тағы 500-ден астам касса – жекменшік агенттіктердікі. Билеттерді сатып алып, сосын қайта сататын солар. Алып-сатарлардың жазасын күшейтуден басқа амал жоқ, басқаша тоқтата алмаймыз оларды, — деді Әлмағамбетов.
Ол 1 шілдеден бастап компаниялардың «Мобиус» жүйесіне көшкенін еске салды.
— Ескі «Экспресс» автоматты басқару жүйесінде солқылдақ тұстар көп болған. Ал жаңа «Мобиус» жүйесінде билеттерді заңсыз сату әрекеттеріне тосқауыл қою мүмкіндігі бар. Бұрын алып-сатарлар сұранысы жоғары болатын бағыттардың билеттерін 45 күн бұрын сатып алатын. «Мобиус» жүйесі жылдам арада қайта сатуға мүмкіндік бермейді, — деп түсіндірді «ҚТЖ» басшысының бірінші орынбасары.