» » "Менің өліміме кінәлі": Алматыда 21 жастағы жігіт белдігіне асылып көз жұмды

"Менің өліміме кінәлі": Алматыда 21 жастағы жігіт белдігіне асылып көз жұмды

Алматыда 21 жастағы жігіт өзіне қол жұмсап, қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
21 жастағы азамат балконда өзінің белдігіне асылып, көз жұмған. Өлерінің алдында хат қалдырған жігіт өліміне кімнің кінәлі екенін жеткізді. Соңғы уақыттары бопсалаушылардың ойыншығына айналған Елдос тіпті кімнің көмектесетінін де айтуды ұмытпаған.

"Менің өліміме кінәлі адамдар: Ерасыл, Гриша, Сұлтан және қасындағы балалар. Оларды табуға Мұхамед көмектеседі", - деп жазған.

Інісінің қиын жағдайға тап болғанын білмеген Индира Әбдіразақова мұң-мұқтажын түсінуге тырыспағанына өкінеді. Сағат кешкі ондар шамасында баласымен серуендеуге шығып, қайтып келгенде інісінің өлі денесін тапқанын айтады ол.

"Талып қалды екен деп ойладым. Елдос не болды деп қарасам, тілі шығып кеткен. Басында біреу ұрып кетті ме деген болжам да жасағанмын. Кейін белдікті көрдім. Бір күн бұрын ұрып кетті, пышақ тақады дегенді кішкентай бала естіген екен", - дейді Индира Әбдіразақова.

Ал анасы Елоспен сөйлескен адамдардың соңғысы. Жігіт өлер алдында жақын адамына телефон соғып, жақсы көретінін айтқан. Ал анасы ұлының бұл әрекетіне мән бере қоймаған көрінеді.

"Анашым мен сізді жақсы көремін деді де, дауысы біртүрлі шықты. Осыдан кейін жаным, мен де сені жақсы көремін, қазір сәлден соң хабарласамын дедім. Сөйтсем, бұл соңғы қоштасуы екен ғой", - дейді марқұмның анасы.
02 тамыз 2019 ж. 571 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031