АРЫСҚА ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
Түркістан облысының Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай ешкімді бей-жай қалдырмады.Арыстықтардың басына төнген жағдай бүкіл Қазақстан халқын біріктірді.Төтенше оқиға салдарынан зардап шеккендерге қайырымдылық көмек ретінде күллі ел болып, «Арыс, біз біргеміз» жалпыұлттық акциясы аясында халқымыз аянып қалмай, көмек қолын созып жатыр.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармалары қайырымды істен қалыс қалмай, игі істі жалғастырып, қиын сәтте қалған отандастарымызға қолдау көрсету мақсатында бір күндік еңбекақыларын аударды.