Сыр жастары көмекке барды
Жуырда Түркістан облысы Арыс қаласында орын алған апатты жағдай барша қазақ халқын қынжылтты. Еліміздегі орын алған бұл жағдайға Сыр жастары бейжай қарамай, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында дереу Шымкент қаласына келді. Облыстық "Jas Otan" ЖҚ төрағасы Талғат Тілес бастаған Сыр елінің 50 белсенді жасы оның ішінде жасотандықтар, жастар ресурстық орталығының мамандары Шымкент қаласында орналастырылған Арыс тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетуде. Сыр жұртшылығы мен жастары атынан Арыс тұрғындарына гигиеналық заттар, азық-түліктер үлестірілуде.