» » ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕҢБЕК ЛАГЕРЬІ ӨТТІ

ТҰҢҒЫШ РЕТ ЕҢБЕК ЛАГЕРЬІ ӨТТІ

Жалағаш ауданында тұңғыш рет аудан жастарының қатысуымен еңбек лагерьі өтті. «Жастар жылы» аясында лагерь Мәдениет ауылдық округіндегі «Тюрешова» шаруа қожалығында ұйымдастырылды. 

Еңбек лагерьіне жалағаштың ауылдарынан 25-ке жуық еріктілер, түрлі сала қызметкерлері, белсенді жастар қатысты. Үш күнге созылған еңбек лагерьінің алғашқы күнінде жастар шаруашылық жұмыстарымен танысып, алау жанында аудан бойынша жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы пікір алмасып, ой бөлісті.
Ал екінші күні жастар ерте тұрып, шаруашылық жұмыстарымен, оның ішінде ер балалар шөп ору, шөп жинау, ат ерттеу, қора тазалау, отын шабу жұмыстарымен айналысты.
Ал қыздар жағы сиыр сауып, табаға нан пісіріп, ошаққа ас әзірлеп, қамыр жайып, күбіде айран пісірді.


Осы күні аудан әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов еңбек лагеріндегі жастармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, бастамаларына қолдау білдіретіндігін жеткізді.
- Еңбек лагерінің басты мақсаты – белсенді жастарды еңбекке, кәсіпкерлікке, елжандылыққа баулуға, туған жерге деген патриотизмді нығайта отырып, болашақ жас мамандарды ауылға жұмысқа шақыруға бағытталды. Еңбек лагерінің ауқымы алдағы уақытта кеңейе түспек, - деді Жағыпар Айтбайұлы. 
Айдана Талғатқызы, қатысушы:
- Еңбек лагерьі замандастарыммен танысып, пікір алмасу үшін таптармас алаң болды. Қалаға оқуәа кеткелі ауыл тірлігінен қолымыз шығып кетіпті. Оның үстіне қазір ауылдың өзінде қидың шоғына нан көбетіндер жоқтың қасы. Ерте тұрып сиыр сауып, айран пісіп ауылдың ғажайы өміріне бойладық. Жаңа достар таптым.
Аудан жастарына төрінен жай ұсынған аталмыш шаруа қожалықтың бар тірлігіне жауапты замандасымыз Нұрдаулет Болатбек. Жас та болса үлкен қожалықтың шаруасын  игеріп отырған жігіт, қыздарға қалай сияр саууды үйретті.  Еңбекқор жігіттің кәсібіне береке тілеп тарастық.
Айта кету керек, Жалағаш ауданында 14 пен 29 жас аралығында 8865 жас тіркелген. Бұл көрсеткіш жалпы халық санының 24,7 пайызын құрайды.
Жастар жылы Жалағаш жастары үшін жағымды жаңалықтарымен басталды. Аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан «Coworking» орталығын ашу үшін аудандық бюджеттен 5 000,0 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылған. 2019 жылдың І жартыжылдығында аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жоспарға сәйкес әртүрлі бағыттағы 78 шара өткізіліп, оған 6430 жас қамтылды.
Аудан жастарының шығармашылығын дамыту мақсатында «Жалағаш аруы» байқауы, Аудан әкімінің «Жалын» жастар сыйлығы, «Zhalagash Life» жастар лагері, Аудандық жайдарман лигасы, «Жалынды жас» еріктілер мектебі, «Жас Отау», «Жас маман» жобалары дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Сонымен қатар, 2019 жылы тұңғыш рет аудан жастарының қатысуымен жас еңбекшілер лагерін өткізді.
Арайлым ӨМІРБЕК
04 тамыз 2019 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031