» » Баян Мақсатқызы: "Келін деген еркі жоқ құл"

Баян Мақсатқызы: "Келін деген еркі жоқ құл"

  Белгілі продюсер қазақ менталитетіндегі келін ұғымын түсінбейтінін жеткізген. Ол қазақтардың келінді құл ретінде қабылдайтынына ашулы. Қыз бал болып туылудың өзі қайғы дейді ол. Байқұс қыздар тұрмысқа шыққаннан кейін өзін ұмытатынына ашуланамын деп түсіндірді продюсер.
"Біздің миымызда келін деген еркі жоқ құл деген ұғым қатып қалған. Аузыңды жауып, өзіңнің ойыңды айта алмайсың. Келіннің өзіндік мені, пікірі, құқы бар дегенді ойламайды", - дейді Баян Мақсатқызы. 
Сонымен қатар Баян Алагөзова өз қыздарына қандай тәрбие беріп жатқанын айтты. Өмірінде бір рет болсын ер адамға дауыс көтермеген ол қыздарына да сондай болуды үлгі ретінде көрсетіп бергенін айтады. 25 жыл тұрмыста болған продюсер осылайша мақтанды.
"Ер адамды құрметтеу керек, оның пікіріне құлақ асу керек. Бірақ оз ойыңды айтып, таңдауыңды жасауға құқың болуы қажет. Мен қыздарымды осылай өсіргенмін, өсіріп келемін. Одан кейін тәрбие деген сенің өзің. Сен кез келген нәрсені айтуың мүмкін. Бірақ қалай жасайсың, солай болады. Мен балаларыма ер адамды құрметтеуді үйреттім. 25 жыл тұрмыстық өмірімде ер адамға дауыс көтеріп көрген емеспін", - дейді Баян Мақсатқызы. 
05 тамыз 2019 ж. 1 068 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930