» » Домбыра тартып үйрену сабақтары (видео)

Домбыра тартып үйрену сабақтары (видео)

  Қалай деріңіз бар ма? Ғалымдар дәл мұны дәлелдеген жоқ, бірақ «Саусақ ұшында ми жұмысын жетілдіретін нүктелер бар, сондықтан саусақтар қимылдаса, ақыл-ой дамиды» деген тұжырым теоремаға айналғалы қашан.
Оған итальян педагогы М. Монтессоридың ұсақ қол моторикасын дамытуға бағытталған әдістемелері мен украин ғалымы В. Сухомлинскийдің: «Балалардың мүмкіндігі мен дарындылығының бастамалары саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтарынан шығармашылық ойын қоректендіретін өте жіңішке жылғалар сынды жіптер тарайды. Баланың қолында неғұрлым шеберлік көп болса, соғұрлым ол ақылды болады», дегені дәлел.
Ал домбыра тарту – тұнып тұрған моторика.  Демек, әр нүктені басқанда, түрлі бағытпен қос ішекті қаққанда, шерткенде һәм төккенде ми жұмысын жетілдіріп жатыр деген сөз.
Ендеше, «Egemen Qazaqstan» қолға алған жас талғамайтын домбыра сабағына баршаңызды шақырамыз!
 Ал сабақты «Күйшілер одағының» мүшесі, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, күйлері Шалқар радиосының Алтын қорына енген дарынды автор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі профессор Ж.Жүзбайдың шәкірті Тілеулі Еңглік жүргізеді.
07 тамыз 2019 ж. 846 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031