БАСТЫ НАЗАР ‒ ЖАСТАРДА
Статистикаға сүйенсек, әлемде 1,8 миллиард жас адам бар. Олардың 90 пайызы халқы көп дамушы елдерде өмір сүрсе, 1 миллиард жас жоқшылықта жан бағады екен. БҰҰ Бас Ассамблеясы ұлттық жастар саясатының негізі ретінде білім мен оқуды, ауыл шаруашылығы мен ауылдық жерлерді дамытуды, денсаулық және алғашқы медициналық көмек әріптестігін, ғылым мен технологияны атап көрсеткен. 12 ‒ тамыз Халықаралық Жастар күніне орай жер жаһандағы жастар саясатының біршама мүмкіндігін біз де талқыдан өткіздік.
Әлем бойынша темірді терідей илейтін қуаты бар жастар мәселесінің көш басында жұмыссыздық тұр, одан кейін кедейшілік, ВИЧ/СПИД ақаулары, қарулы қақтығыстар көңіл алаңдатады. Осы орайда біз әлемдегі бірнеше мемлекеттің озық тәжірибесіне назар аудардық. Жастар саясатының негізі ретінде 1922 жылғы жастар игілігі туралы заңды үлгі еткен Германияда жұмыссыздыққа ерекше мән беріледі. Бұл жөнінде Лилия Зайниеваның «Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірибе тұрғысында» атты кітабында анық жазылған. ГФР-да жұмыссыз жастарды арнаулы компьютерлік орталықтарда бастауыш курсына оқытатын «Жастар қазір» бағдарламасы 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Ол жерде жастар үшін арнайы шәкіртақы тағайындалып, жолақысына қаржы бөлінеді. Бағдарламадан соң жұмыс табылмаса немесе алған мамандығы ұнамаса жастар қайтадан оқуға мүмкіндік алады. Себебі Германияда жаңа жұмыс іздеу және жаңа мамандық алу барынша құпталады. Тіпті мектептер мен кәсіптік бағдар беретін орталықтарда жасөспірімдер мен жастарға арналған «Өмір бойы оқыңдар!» деген ұстаным мемлекеттік ұранға айналған. Бұл біздің елдегі кәсіптік бағдар беретін оқу курсына келіңкірейді.
Сондай-ақ Германияның Бонн қаласында мынадай қызықты жұмыс түрі қарастырылған. Мұнда әлем-жәлем сырланған автобус қаланы аралап жүріп, көше кезген жасөспірімдердің жанына тоқтайды. Олардың ең басты міндеті жастармен байланыс орнатып, мәселесін анықтаған соң қалай көмектесетінін арнаулы қызмет түрі арқылы шешуге бағытталған. Ұтымды көше қызметінің кейбір көлік түрлері компьютермен жабдықталған, жасөспірімдер оны тегін пайдаланады. Мұның бәрі жастар арасындағы бұзақылықтың алдын алу үшін ұйымдастырылған.
Ал Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде «Жастар карточкасын» қолдану жолға қойылған, яғни жастарға университет пен мәдениет саласында, туризм мен спорт кешенінде, студент ұйымдарын қаржыландыру саласында біршама жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ мемлекетте жас отбасылардың әлеуметтік жағдайына жіті мән беріледі. Мұнда біздің елдегі тәрізді аз қамтылған және көп балалы отбасыларға ай сайын жәрдемақы беріледі. Мәселен, Скандинавия елдерінде отбасылық жәрдемақы барлық тұрғынға, соның ішінде иммигранттарға да бөлінеді. Ал жастар саясаты туралы арнайы құжаты жоқ бірден бір ел Данияда жәрдемақы көлемі бала санына емес, ата-анасының табысы арқылы есептеледі екен, бірақ мұнда көпбалалы жас отбасыларға тұрғын үй ақысын төлеуге мемлекет көмектеседі.
Ал Түркияда жастар мәселесімен білім беру, денсаулық сақтау, еңбекке орналастыру, зиянды әдеттерге қарсы күрес және өзге де ерекше міндеттеріне сәйкес 14 министрлік пен ведомоства айналысады екен.
Қазақстандағы жастар саясаты да өзге елмен салыстырғанда біршама тәуір, әсіресе 2019 жылды Жастар жылы деп жариялау бүгінгі буын үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашты. Бір сұқбатында журналист Дана Нұржігіттің «Бұрыс жолды таңдайтындай жастар қасірет көріп отырған жоқ» деп айтқаны бар. Анығында солай, елдегі жастардың жұмыссыздығы мен білім алу сапасы тәрізді әлемдік мәселеден бөлек, оларға барлық жағдай жасалған.

Гүлдана ЖҰМАДИН