» » Бағыты айқын «Бақ-береке»

Бағыты айқын «Бақ-береке»

   Әлемнің қай түкпіріне барсақ та,  ең алдымен сол елдің ғажайып ғимараттарына назар аударатынымыз белгілі. Қаланың әлеуеті мен талғам биігінің өлшемі саналатын да айшықты құрылыстар.
Соңғы жылдары Сыр елі қарқынды құрылыс алаңына айналды. Бұл жергілікті құрылысшылардың шеберлігін шыңдай түсті.  Бүгінде жалпақ жұртқа танымал сырбойылық құрылыс компаниялары аз емес.
«Бақ-береке-2030» ЖШС он бес жылдан бері өңірде құрылыс қарқынына үлес қосып келеді. 2004 жылы құрылған мекеме әдепкіде «Ауыз су», «Ақбұлақ» мемлекеттік бағ­дар­­ламасы аясында облыс ау­ма­ғында сумен жабдықтау жұмыс­тарын жүргізіп, елді мекен тұрғындарының таза ауыз суға қол жеткізуіне қызмет етті. Сондай-ақ, мұнай-газ сала­сындағы кәсіпорындардың құ­ры­лыс жұмыстарын, ауыл­дарға инженерлік-коммуни­кациялық жүйелерді жүргізуге белсене қатысты. Ауылдарға су, жарық, көгілдір отын тарту жұмыстары, жерасты суларын ел игіліне пайдалану мақсатындағы игі істер басында жүрген «Бақ-береке-2030» ЖШС директоры Қайрат Ерназаров — туған елді тү­летуге үлесім болсын дейтін азамат.
Тұрғындарды таза ауыз сумен қамту Қызылорда қала­сы аумағында Белкөл кенті, Қараөзек ауылы, Титов қыстағы және облыс орталығы мен «Сырдария», «Астана», «Сәулет» шағын аудандарында жүргізілсе, бұл жұмыс әрі қарай облыстың ауыл аймақтарында жалғасын тапты. Қармақшы, Жаңақорған, Жалағаш, Сырдария аудандарының елді мекендеріне таза ауыз су жеткізу қызметін мінсіз орындаған құрылыс компаниясы елдің алғысына бөленді. Мұнан бөлек, мұнай кеніштері аумағынан жер­асты суын шығарып, кәсіп­орындарға су жеткізген мекеме жұмысшыларының еңбегі ерен.
Ком­панияның Сыр құры­лысында да өзіндік қолтаңбасы бар. Бүгінде талғампаз тұрғын баспана таңдауда ең алдымен ғимаратты кім салғанына мән береді. Мақтаулы мекемелердің бірі — «Бақ-береке-2030» салған үй десе, баспана іздегеннің қай-қайсысы да бас тартпайды. Компанияның басты ұстанымы да осы.
— Ең бастысы — сапа. Атқарған жұмысың ел көңілінен шығып, алғыс айтып жатпаса бәрі бекер. Құрылыс саласында бәрі мінсіз болуы тиіс. Мүлт кетсең, бүкіл еңбегің зая. Әрдайым ұжым қызметкерлеріне осыны айтып отырамын. Біздегі мамандардың қай-қайсысы да өз жұмысына мығым, — дейді мекеме басшысы Қ.Ерназаров.
Соңғы жылдары бой көтерген көпқабатты үйлердің құрылысына белсене атсалыс­ты. Құрылыс компаниясының «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік» АҚ-мен бірлесіп өз қаржысы есебінен облыс орталығынан 400 пәтерлік көпқабатты тұрғын үй кешенін салуы кәсіпкердің тәуекел етуі дер едік. Яғни, 400 отбасының баспаналы болуына үлес қосу — ұжымның ерен еңбегі.
Жаңа қоныс — сол жағалау­дағы құрылыс алаңына білек сыбана іске кіріскен мекеме мұнда 50 пәтерлік тұрғын үй құрылысын мерзімінде аяқтап, қабылдау комиссиясына өткізді. Сапалы әрі уақытылы орындау ұстанымынан айнымаған «Бақ-береке-2030» ұжымының өңірдегі қарқынды құрылысқа қосқан үлесі мұнымен бітпейді. Жақында облыстық стадионды қайта жөндеуден өткізуді жауапкершілігіне алған мекеме бұл жұмысты да мерзімінде тиянақты аяқтады. Нәтижесінде Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион уақыт талабына сай жаңарғанын жалпы жұрт қуана айтып жүр.
Құрылыс компаниясы Арыс­ты қайта қалпына келтіру жұ­мысынан да сырт қалған жоқ.
— Төтенше жағдайдан кейін Арыс халқына ел болып жұ­мыла көмектесіп жатырмыз. Ай­мағымыздағы «Интегрострой», «Сапақ» ЖШС-мен бір­ге 60 үйді жөндеуден өткіз­дік, — дейді Қ.Ерназаров.
10 тамыз 2019 ж. 552 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031