151 ГРАНТ

Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бөлінген 5 мың әлеуметтік білім грантын Қызылорда облысы бойынша иеленген талапкерлердің саны. Біздің аймағымызға барлығы 390 грант бөлінген болатын. Кеше облыс әкімінде білім грантын тағайындау конкурстық комиссиясының қорытынды отырысы өтті.
Аталған қосымша гранттарға көпбалалы және атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін отбасылардан шыққан балалар үміткер болды. Конкурсқа қатысу үшін басты талап 2019 жылғы маусым айында өткізілген ҰБТ-да шекті балл жинау қажет. Аймағымыздан грант талаптарына сәйкес 167 түлек оқуға түсуге өтініш білдірген. Комиссия қарауынан соң 151 балаға грант тағайындалды. Ал өздері таңдаған мамандыққа түсе алмай қалған 14 түлектің құжаттары талапқа сай келмегендіктен кері қайтарылды. Комиссия тіпті оларды басқа мамандыққа да ауыстыра алмады. Себебі бірі шығармашылық емтиханнан өтіп тек екі пәннен ғана тест тапсырса, енді бірінің таңдау пәні сәйкес келмеді. Жалпы 390 гранттың жартысынан астамы игерілмей қалды. Мәселен, ауылшаруашылығы саласының мамандықтарына 50 грант бөлінген. Алайда бірде бір талапкер құжат тапсырмаған. Мал шаруашылығы мамандығына 14 грант бөлінсе, 2 түлек ғана мамандықты игеруге өтініш білдірген. Су ресурстары және суды пайдалану мамандығына бөлінген 12 орынға тек бір талапкер қатысты. Осы секілді көптеген мамандықтарға грант бар, оқитын бала жоқ.
Оқуға түскен балаларды жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі. Грант иегерлерінің тізімі облыстық «Сыр бойы» газетінде жарияланады.
Гүлбану МАҚАЖАН



14 тамыз 2019 ж. 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031